Алматыдағы 40-қа жуық мекеме "Ashyq" жобасынан шығарылды
Қала әкімдігінің мәліметінше, екі апталық тексеруден кейін 39 кәсіпкер "Ashyq" жүйесінен шеттетілді. Талапты сақтамағаны үшін оларға жүйеге кіруге тыйым салынды. Бүгінде қала бойынша жобада 2300-ден астам қатысушы бар. "Ashyq" жүйесі карантин режимінде жұмысты қалпына келтіруге септігін тигізді. Кәсіпкерлік нысандардың жұмысын мониторингтік топтар тексереді.