Алматы әкімі қала ардагерлерімен кездесті
Алматы әкімі Ерболат Досаев Ұлы Жеңістің 77 жылдығы мен ардагерлер қозғалысының 35 жылдығын мерекелеу қарсаңында Алматы қалалық ардагерлер Кеңесінің салтанатты пленумына қатысты. Кездесуде Ұлы Отан соғысының ардагерлері, еңбек ардагерлері, интернационалист-жауынгерлер, Ауған соғысына қатысушылар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және т.б. болды.