Алматыда секциялар мен үйірмелерді қаржыландыруға 2022 жылы 3,2 млрд теңге бөлінді
Алматының жергілікті атқарушы органдарының алдына балаларды бұқаралық спорт түрлеріне белсенді тарту, сондай-ақ тегін спорт секциялары мен үйірмелерін ашу міндеті қойылды. Мемлекет басшысы тапсырмасының қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсеитов айтып берді.