Алматыда туберкулез бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты
Соңғы бес жылда мегаполисте туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші 34%-дан астамға төмендеді. Бұл туралы Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында Қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының фтизиопульмонология орталығының директоры Жанар Сәпиева хабарлады.