Алматыда жаңарған 9 эко-пост жұмыс істей бастады, күзге қарай тағы 10-ы орнатылады
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская мәлімдеді. Оның айтуынша, экопосттар арнайы қондырғылармен - газ анализаторлары мен түтін өлшеуішпен жабдықталған.