Алматының медициналық мекемелері ковидтік стационарларға қайта бейіндеуге дайын
Бүгінде Алматыда ковидтік ауруханаларда 700-ге жуық адам емделуде. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев эпидемиялық ахуал нашарласа, онда қалада 10 мыңға дейін ұлғайту мүмкіндігімен 4 мыңға жуық төсек-орын дайындалғанын хабарлады.