Күзгі салқын, жауын-шашын, суық жел мен ылғалды ауа шашын күнделікті сәндеп жүргенді ұнататын бикештерге қолайсыздық тудырып жатады. Үйден шашын тегістеп немесе бұйралап шыққан ару жауынның астында қалса, шаш көлемін жоғалтып, үлпілдек болып, қобырап кетуі өте тез.
Ауадағы артық ылғал шаш талшығына еніп, оның пішінін бірден бұзады. Мұндай күндері шашты қалай сәндеген жөн? «Золотое яблоко» сарапшылары ауа райының қолайсыздығына төтеп беретін ең ұтымды стайлинг тәсілдері мен өнімдерін атады.
1. Термоқорғаныс – ылғалға тосқауыл
Жаңбырлы күні шаштың қобырап кетуіне (frizz-эффект) кутикуланың ашық қалуы себеп болады. Сондықтан шаш сәндеуді бастамас бұрын, шаш талшығын судан қорғайтын күтім қажет.
Бұл үшін крем немесе тегістейтін праймер қолдануға болады. Мысалы су тисе, шайылып кетпейтін OKOLO жұмсақ көбігі шашты қалыңдатады, шашқа салмақ қоспай көлем береді және Symhair Thermo кешенінің арқасында ыстық құралдармен сәндеу кезінде қорғайды. Ал егер шашыңыз жұқа болса, шаш қатыратын жеңіл спрейді таңдаңыз, мұндайда ORGANICALS бренді ұсынған жақсы нұсқа бар. Ол ауа райының қолайсыз әсерінен шашты сақтап, шашты тым қатты қатырып та тастамайды.
2. Шашты толық кептіріп, «суық ауамен» бекітіңіз
Шашта тіпті аз мөлшерде ылғал қалса, сыртқа шыққанда оған жаңбыр тисе, шаш пішіні лезде бұзылады. Сол себепті фенмен кептірген кезде шаш түбінен бастап ұшына дейін толық кепкеніне сенімді болыңыз.
Кептіріп болған соң, міндетті түрде феннің Cool shot (салқын ауа) функциясын қосыңыз. Ыстықтан қызған кутикула қабыршақтары салқын ауадаң соң жиырылып, нығыздалады. Бұл қарапайым әдісті қолдансаңыз, шашыңыз жылтырап, ылғалдануына тосқауыл болады.
3. Құрғақ сусабын және көлем беретін спрей
Ылғалды ауаға шыққанда бас терісі себумді белсендірек бөледі, нәтижесінде шаш басылып, жатып қалады. Мұның алдын алу үшін шаш түбін алдын ала қорғау қажет.
Күзгі сәндеуде бас терісіне арналған мына құралдар таптырмас көмекші саналады. Сол себепті үнемі сөмкеңізде болғаны абзал, мәселен HEADSPA7 - шаш түбіне көлем сыйлайтын спрей шашты ауырлатпайды, жатып қалуына жол бермейді.
Шашты сәндеп болған соң, шаш түбіне FOR ME құрғақ сусабынын сеуіп қойсаңыз, ол артық ылғал мен майды өзіне тартып, шаштың майлылығын жасырады, күні бойы ылғалданып кетуіне жол бермейді.

4. Лакты шаштың өзіне емес, тараққа шашыңыз
Жаңбырлы күні шашқа лак себудің тәсілі де өзгеше. Көп ару шашқа лакты жақыннан себеді. Бірақ мамандар бұл қателік екенін айтады. Ылғал лакпен араласқанда шаш қатайып, ауыр болып қалады. Сол үшін алдымен лакты шашқа емес, тараққа сеуіп алған ең оңтайлы шешім.
Күшті фиксация беретін лагын алдымен щеткаға немесе ұсақ тісті тараққа шашып, содан кейін шаштың үстіңгі қабатын баппен тарап шығыңыз. Бұл шашқа жеңіл, ауа өткізетін микроқабық түзіп, жел мен жаңбырда да форманы бүлдірмей сақтайды.
5. Ауа райына сай жиналған трендтер: балауыз (воск) көмегімен Sleek-look
Егер далада жауын құйып кетсе немесе толассыз қар жауып, қатты жел тұрса, шашты жайып жүрмей-ақ, басқа да шаш сәндеу үлгілерін жасап көріңіз.
Шашты түю немесе буып алу: мінсіз тегіс шаш образына ешқандай жаңбыр да, жел де әсер ете алмайды. Балапан шаштарды тегістеу үшін шаш сәндеуге арналған RAD балауыз-стигін қолданыңыз. Ол шашты майламай, шаш формасын жақсы бекітеді.
Егер шашыңыз табиғи бұйра болса, оған теңіз тұзы бар Davroe спрейін шашып, жеңіл етіп өріп қойыңыз. Мұндай шашқа жаңбыр тисе де, бұрым әдемі және көлемді көрінуіне сеп болады.
Басты қағида: шаштың қорғанысы арттыру
Күзгі жауын-шашында шашыңыздың пішіні бұзылмай, ұзақ уақыт өз қалпында тұрса, бұл кездейсоқтық емес, дұрыс таңдалған құралдардың нәтижесі. Шашты құрғатпайтын сапалы праймер, жеңіл көлем спрейі және сапалы балауыз стигі кез келген ауа райында сенімді әрі сәнді көрінуге кепілдік береді.
Назира Бурханова