Fix Price Қазақстан Алматы облысындағы Comes жануарлар панасына мысықтарға арналған азық, сондай-ақ ойыншықтар, щеткалар және басқа да қажетті тауарларды табыстады. Көрсетілген көмектің жалпы сомасы 500 мың теңгені құрады. Бұл бастама 4 қазанда атап өтілетін Дүниежүзілік жануарларды қорғау күніне орай ұйымдастырылды.

Ағайынды Сергей және Юлия Снегирёвтер негізін қалаған Comes.kz қоғамдық қоры үйсіз жануарларды құтқарып, оңалтумен айналысады, сондай-ақ оларға жаңа отбасы табуға көмектеседі. Пана 2018 жылдан бері жұмыс істейді. Мұнда жануарларды аулау қызметтерінен жеткізілген, сондай-ақ қатыгездіктен зардап шеккен жануарлар түседі. Емдеу мен оңалтудан кейін оларға тұрақты баспана мен жаңа иелер іздестіріледі.

Қазір пананы 400-ден астам мысық пен ит мекендейді. Олардың әрқайсысына күн сайын азық, күтім және ем қажет. Жаңа отбасын тапқан әр жануардың тағдырын қор қызметкерлері әрі қарай да қадағалап отырады: жаңа иелері жануардың жаңа үйге қалай бейімделіп жатқаны туралы үнемі хабарлап тұрады. Көрсетілген көмек пананың жануарларды асырауға жұмсайтын шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Бір-біріне қамқорлық жасау — бүкіл отбасыға арналған тауарлар дүкені Fix Price-тың басты құндылықтарының бірі. Comes панасына қолдау көрсету — осы қамқорлықты үйден тыс жерлерде де танытып, өз иелерін күтіп жүрген жануарларды азықпен және қажетті күтіммен қамтамасыз етуге көмектесудің бір жолы.

«Жануарларға арналған азық біздің сатып алушылар арасында үлкен сұранысқа ие. Біз үшін бұл қамқорлықтың әлі өз үйін таппаған жануарларға да көрсетілуі маңызды. Осы айтулы күні Comes панасына қолдау көрсетуге қуаныштымыз және серіктестеріміздің сөзімен тағы бір маңызды ойды еске салғымыз келеді: “Панадан жануарды асырап алғанда, сіз екеуін құтқарасыз — өзіңізбен бірге алып кеткен жануарды және оның орнына келетін жануарды”», — деді Fix Price Қазақстан директоры Алексей Ермаков.

«Әрбір жем қаптамасы — пананы азықпен қамтамасыз етуге кететін уақытты азайтып, жануарларды емдеуге және әлеуметтендіруге көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді. Мұндай қолдау дәл қазір ерекше маңызды, өйткені қанша жануарды панамызға қабылдап, емдей алатынымыз осы көмекке тікелей байланысты», — деп атап өтті Comes панасының тең құрылтайшысы Юлия Снегирёва.

Comes панасына қолдау көрсету Fix Price-тың Қазақстандағы әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыру жолындағы тағы бір қадам болды. Биыл компания Астанада өткен «Run for Autism» қайырымдылық жүгіру шарасының серіктесі болды. Бұған дейін Fix Price қазақстандық «Плюс Один» қайырымдылық қорымен бірлесіп, Қазақстан ауылдарындағы оқушыларға арналған кеңсе тауарлары жиынтықтарын жинады. Сондай-ақ компания Қазақстанда ағаш отырғызу акцияларын тұрақты түрде өткізіп келеді.