Алматыда 2022 жылы колледждерге оқуға қалай қабылданады
Алматы колледждеріне оқуға түскісі келетін талапкерлер биыл да өзгерістерді күтуде. Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарына түсу кезінде бірқатар жаңалықтар енгізілді. Олар туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов айтып берді.