Алматылық профессор қала тұрғындарына коронавирус ревакцинациясынан өтуді ұсынады
Мегаполис тұрғындары үшін коронавирусқа қарсы вакцинациядан алты ай өткен соң ревакцинациядан өту өте маңызды. Бұл туралы Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингі барысында медицина ғылымдарының докторы, Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының профессоры Күләш Құрманова мәлімдеді.