ЭКО МӘМС жүйесіне кіреді: Алматыда медициналық сақтандыру есебінен осындай 3687 қызмет көрсетілді
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында Алматы қаласы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев хабарлады. 2021 жылы жоғары технологияларды пайдалана отырып жасалатын операциялар мен манипуляцияларға барлығы 14,9 млрд теңге бағытталды.