Исраил Сапарбайдың «ЖЫР АЙДЫНЫНЫҢ АЛЫП КЕМЕСІ» атты әдеби-танымдық кеші өтеді
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде 2023 жылдың 13-қазаны күні, сағат 15:00-де ақын, драматург Исраил Сапарбайдың «ЖЫР АЙДЫНЫНЫҢ АЛЫП КЕМЕСІ» атты әдеби-танымдық кеші өтеді. Шара аясында ақынның «Имани гүлдің төркіні», «Әлем, әйел және мен», «Әмір Темір» кітаптарының тұсауы кесіліп, музей қорына тапсырған жеке мұрағаттары көпшілік назарына ұсынылады.