Майса Ықласованың «Киелі киіз өнерім» атты жеке көрмесі
2025 жылдың 25 шілдесі күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлкеттік өнер музейінің Орталық көрме залында Ықласова Майса Қамысбайқызының «Киелі киіз өнерім» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді. Көрмеде 40‑тан астам киіз және графикалық туындылар ұсынылады.