Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған "Абай жолымен" ұжымдық көркемөнер көрмесі
2025 жылдың 5 наурызы сағ.: 16:00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетімен бірлесіп, «Өнер факультетінің» профессор-оқытушылары, студенттері мен түлектерінің қатысуымен ұлы ойшыл әрі ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «АБАЙ ЖОЛЫМЕН» бірегей көркемөнер туындыларының ұжымдық көрмесін ашады.