«Қызғалдақтар уақыты» – көктемнің сұлулығын қарсы алыңыз!
Наурыз – көктемнің басталуы, табиғаттың оянып, жаңа өмірдің жандануы. Ал 8 наурыз – нәзіктік пен сұлулықты дәріптейтін әйелдер қауымы үшін ең сүйікті мерекелердің бірі! Бұл күннің айрықша символы – қызғалдақтар, сондықтан біз «ҚЫЗҒАЛДАҚТАР УАҚЫТЫ» атты жәрмеңкемізді осы мерекенің құрметіне арнадық. Өйткені «Қызғалдақтар уақыты» – бұл сұлулықтың, қуаныштың және ерекше сыйлықтардың мезгілі!