«Абай күніне» арналған «Жазамын мен бәйітті.....» әдеби-сазды іс-шарасы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 5-тамызындағы Үкімет қаулысы негізінде 10 тамыз «Абай күні» болып бекітілген болатын. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 2024 жылдың 9 тамыз күні сағат 11.00-де ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы «Абай күніне» арналған «Жазамын мен бәйітті.....» әдеби-сазды іс-шарасын өткізеді.