2025 жылдың 25 қаңтар күні, сағат 18:00-де Н.Тілендиев атындағы Камералық залында филармония солисті, халықаралық байқаулардың лауреаты, виолончелист Салауат Кәрібаевтың «3 Cellos» атты концерті өтеді.
Кеште өнер көрсететін орындаушылар: халықаралық байқаулардың лауреаттары Эльдар Айтбеков (виолончель), Мақсат Нұрланов (виолончель), Әйгерім Исенова (фортепиано).
Бағдарламада:
- Б.Бриттен – Виолончельге арналған сюита, op.72
- Б.Мартину – Виолончель және фортепианоға арналған словак тақырыбындағы вариациялар (H 378)
- Д. Лигети - Виолончельге арналған соната (соло)
- С. Прокофьев - Виолончель және фортепианоға арналған соната, C Dur, op.119
- Э. Изаи - Виолончельге арналған соната (соло), op.28
- Д. Шостакович - Виолончель және фортепианоға арналған соната, D minor, op.40