«Таң Шолпан» қорының 25 жылдығына арналған мерейтойлық көрме Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейінде ашылады
2025 жылдың 17-ші қаңтарында Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Таң Шолпан» Халықаралық тәуелсіз әйел суретшілер қорының 25 жылдығына орай «Өмір сүру, сену, сүю...» атты көрмесі ашылады. Ұйымның негізін қалаушы және көшбасшысы, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі және Еуразиялық Суретшілер Одағының мүшесі Жәмилә Такен.