Алматыда «Driven by Dreams» республикалық байқауына қатысушылардың жұмыстарының көрмесі ашылады
Esentai Gallery-де «Driven by Dreams» («Арманға негізделген») ашық республикалық байқауының жеңімпаздары жұмыстарының көрмесі басталады. Сегіз қазақстандық автордан тұратын жеңімпаздар ұйымдастырушылар ұсынған арт-резиденция негізінде өздерінің көркемдік жобаларын іске асыра алды. Жұмыстар Esentai Gallery галереясының кәсіби экспозициясында ұсынылған. 4 қыркүйекте көрме қонақтар үшін есігін ашып, екі айға созылады. Кіру толығымен тегін.