Алматыда "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының финалистері марапатталды
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының төртінші кезеңінің финалисі болған алматылықтармен кездесу өткізді. Бұл жоба 2017 жылдан бастап "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында бәсекеге қабілеттілік, прагматизм мен білімге табыну идеяларын әртүрлі мамандықтағы нақты адамдардың арқасында іске асуда.