Алматы қаласында электрондық музыканттарға арналған бірінші халықаралық «UYA Forum» онлайн-форумы өтеді
28-29 шілде аралығында Алматы қаласында электрондық музыканттарға арналған бірінші халықаралық «UYA Forum» онлайн-форумы өтеді. Форум өзара іс-қимыл, білім мен тәжірибе алмасу үшін тиімді алаң болады. Аталған форум өмірін электронды музыкамен байланыстыратын жас таланттар үшін пайдалы болады.