Алматыда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында білім беру жүйесін модернизациялау жөніндегі кітаптың таныстырылымы өтті
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесін модернизациялау» кітабының таныстырылымы өтті. Оның авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Ресей білім академиясының академигі Алма Әбілқасымова.