Қазақстандық студенттер Huawei компаниясының айтулы әлемдік додасының финалистері атанды
Қазақстандық студенттер командасы Huawei ICT Competition халықаралық білім беру байқауының өңірлік финалына қатысушылардың қатарына енді. Конкурсты ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың әлемдік көшбасшысы Huawei компаниясы жыл сайын өткізеді және оның мақсаты әлемнің түкпір-түкпірінен шыққан талантты студенттерді қолдау, сондай-ақ АКТ саласындағы білім беру, ғылыми және қолданбалы қызметті ынталандыру болып табылады.