29 қыркүйекте сағат 19:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының алдындағы алаңда Алматы қаласының күні мен 93-театр маусымының ашылуына арналған «МҰРА» ауқымды Open-Air гала-концерті өтеді.

Үш сағатқа жоспарланған концерттік бағдарламада опера мен балет, симфониялық музыка мен хор, джаз, этно және заманауи музыкалық бағыттарды қамтитын 30 бірегей нөмір ұсынылады.

Гала-концертке арнайы 500-ден астам сахналық костюм дайындалды.

«МҰРА» — классикалық өнер мен ұлттық мәдениетті заманауи музыкалық бағыттармен тоғыстыратын ауқымды музыкалық мереке.

Алматы тұрғындары мен қала қонақтарын жаңа театр маусымының ашылуына арналған гала-концертке шақырамыз.

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі