Өрт жиілейтін маусымның алдында Алматы сақтықты күшейтті
Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық паркінде өрт жиілейтін маусымға дайындық жұмыстары басталды. Іле Алатауы ұлттық паркінің Медеу филиалына қарасты орман өртінен қорғау станциясының бастығы Дәулет Жетпісбаев өңірлік коммуникациялық қызметінде өткен пресс-конференцияда осылай деді.