Бостандық ауданында 150 шақырымнан астам инженерлік желі салынады
Бостандық ауданында жүйені жаңарту мен инженерлік инфрақұрылымды дамыту басты міндеттің бірі болып қала бермек. Биыл су құбыры, кәріз, жылу мен жарық желілерін салып, қайта жаңарту бойынша ауқымды жұмыс қолға алынған. Бұлар ондаған көшені, тұрғын алаңдары мен шағын аудандарды қамтып отыр. Жобаланған, іске асырылып жатқан желінің жалпы ұзындығы 150 шақырымнан асады, инвестиция көлемі – 35 млрд теңгеден жоғары. Бостандық ауданының әкімі Санжар Әлин Өңірлік коммуникациялар қызметінде осы жұмыстың барысын баяндады.