Алматыда биыл қатты тозған 70 км су құбыры және кәріз желілерін ауыстыру жоспарланып отыр
«Инвестиция орнына тариф» саясаты аясында инфрақұрылымды жаңартуға және табиғи ресурстарды үнемдеуге бөлінетін қаражат көлемі артты. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Алматы Су» ШЖҚ МКК бас директоры Ілияс Қазиев мәлімдеді.