«Рахат-Мәдениет» ықшамауданында 132 шақырым желі салынады
Алатау ауданының «Рахат-Мәдениет» ықшамауданында барлық үйлер орталық су құбыры мен кәріз жүйесіне қосылады. Қазір инженерлік желілердің едәуір бөлігін тартып қойған. Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз туры барысында журналистер осы жоба бойынша қолға алып жатқан жұмыспен танысып шықты.