Алматыда жаңа жылдық мереке күндері қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етті?
Алматыда мереке күндері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін 3 мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылды. Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде хабарлағандай, Оңтүстік астанада жаңа жылдық мереке күндері тыныш өтті.