«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Түрксіб ауданында 35 көппәтерлі үй салынады, бұл 5400-ден астам пәтер
Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімі Бахытжан Ақжаров бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингі барысында ескірген, тұруға жарамсыз тұрғын үйлердің орнында қазіргі заманғы көппәтерлі тұрғын үй кешендері салынып, ескі үйлердің тұрғындары көшіріліп жатқанын хабарлады.