Алматының Телемедицина орталығының жүктемесі өткен аймен салыстырғанда 3-4 есе өсті
Алматыда екінші жыл қатарынан дәрігерлер бейне және аудио байланыс арқылы үйде COVID-19 емделіп жатқандардың жағдайын бақылайды. Алматы қаласының Телемедицина орталығы басшысының міндетін атқарушы Жұлдыз Бауыржанқызы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында әріптестерінің жұмысы туралы айтты.