Алматыда 12 600 орынды 8 мемлекеттік мектеп салынады
Алматы қаласының әкімдігі балалар санының өсуін және демографиялық жағдайды жақсарту перспективаларын ескере отырып, білім беру инфрақұрылымын дамытуға үнемі назар аударады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева айтты.