Алматы экономикасының тұрақты өсуі жалғасуда
Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов мәлімдеді. Оның айтуынша, Алматы қарқынды даму үстінде. Экономикалық өсімнің негізгі драйверлері ретінде құрылыс, көлік және логистика, өңдеу өнеркәсібі аталды. Сонымен қатар, сауда мен байланыс қызметтерінің көлемі де артып келеді.