Алматыдағы Райымбек батыр кесенесінің маңында VR технологияларымен жабдықталған музей мен заманауи мәдени кеңістік пайда болады
Алматыдағы Райымбек батыр кесенесі аумағында абаттандыру мен құрылыс жұмыстары басталды. Жоба аясында тарихи нысанның айналасы жаңартылып, осы заманғы музей кешені салынады. Өңірлік Коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков осылай деп хабарлады.