Алматы кітапханалары – тәулік бойы жұмыс істейтін үлкен орталық
Өңірлік коммуникациялар қызметі қалалық кітапхана жүйесінде жаңа форматтағы кітапханаларды дамытып, инновациялық технологияларды енгізуге арналған баспасөз турын ұйымдастырды. Бірнеше кітапхананың басшысы журналистерге оқу залдарының осы заманғы креативті білім беру кеңістігіне айналып, тәулік бойы жұмыс істейтінін, қала тұрғындарына цифрлық сервис ұсынып, жайлы жағдай жасап жатқанын көрсетті.