Алматыда сыртқы жарықтандыру жүйесі жаңғыртылып жатыр
Алматы сыртқы жарықтандыру жүйесін жаңғыртып жатыр. Биылғы 7 айдың ішінде қаланың 8 ауданында 21 600 жарық нүктесі қалпына келтіріліп, 230 шақырым кабель ауысып, жаңадан 1 225 сыртқы жарық бағаны орнатылды. Үздіксіз жұмыс істегендіктен азаматтардың жарықтандыруға байланысты өтінімі былтырғымен салыстырғанда 2,5 есеге қысқарып, биыл 8 445-ақ арыз түскен. Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған пресс тур барысында жыл соңына дейін қала көшелерінің жарықтандыру деңгейін 100 %-ға жеткізу жоспарланып жатқаны белгілі болды.