Алматы су тасқынының алдын алуға кірісті
Алматыда қалалық қызметтердің көктемгі су тасқынына даярлығын пысықтап жатыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматыдағы Экология және қоршаған орта басқармасы басшысының орынбасары Аршат Бақтыгереев осы жөнінде мәлімдеді. Оның айтуынша, су тасқыны болады деп алаңдауға негіз жоқ, тұрғын үй секторы мен инфрақұрылым нысандарын көктемде су басатын қауіп те едәуір азайған.