Алматы вейптердің заңсыз айналымын бақылауды күшейтті
Өңірлік коммуникациялар қызметінде вейптердің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мен азаматтардың денсаулығына келтіретін зиянның алдын алу жағы талқыланды. Құқық қорғау органдары мен денсаулық сақтау саласының өкілдері қолданыстағы тыйымға қарамастан, электронды темекілерді заңсыз сату тоқтамай отырғанын, жастардың оларға әуес болуы халықтың денсаулығына әжептәуір қауіп төндіріп отырғанын атап өтті.