Азаматтардың төлемге қабілеттілігін қалпына келтіру мен банкроттығы туралы заң Алматыда сәтімен іске асып жатыр
Қазақстандықтардың қарыздан құтылып, жаңа өмір бастауына мүмкіндік беретін ҚР-ның «Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы заңы» Алматыда сәтімен іске асып жатыр. Онда халықтың әсіресе әлеуметтік осал тобына көп көңіл бөлінген. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен пресс-конференцияда Алматының Мемлекеттік кірістер департаментінің дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы Айдос Бұдығұлов осылай деді.