Алматы халықаралық әуежайы Horizon атты ірі инфрақұрылымдық жобаның басталғанын хабарлады
2025 жылғы 5 тамызда Алматы халықаралық әуежайы Horizon атты стратегиялық инвестициялық жобасының іске қосылғанын ресми түрде хабарлады. Бұл - алдағы 25 жылға арналған әуежайды жаңғырту мен дамыту бойынша ең ауқымды жоба. Салтанатты шара Алматы қаласы ғана емес, бүкіл еліміздің көлік инфрақұрылымын дамытудағы маңызды кезеңге айналып, әуежайдың Еуразиядағы басты авиациялық торап ретіндегі мәртебесін тағы да растады.