Бағым Балтабаева «Әлем аруы – 2026» байқауында Қазақстанның атынан өнер көрсетеді
7 тамыз күні «Miss Qazaqstan 2024» ұлттық байқауының жеңімпазы Бағым Балтабаева Вьетнамға аттанып, әлемдегі ең беделді сұлулық байқауларының бірі – «Әлем аруы – 2026» (Miss World 2026) халықаралық додасында Қазақстанның намысын қорғайды. Бұл – еліміздің мәдениетін, ұлттық құндылықтарын және жаңа буын қазақстандық қыздарының келбетін әлемге танытатын маңызды мүмкіндік.