“Алтын-Емел” ұлттық паркінде ғалымдарға бұрын беймәлім болған петроглифтер табылды
“Алтын-Емел” ұлттық паркінде “Петроглифтер ізшілері” ҚҚ-ның еріктілері бұрын археологтардың зерттеулеріне ілікпеген көне бейнелерді анықтады. Ежелгі бейнелер еріктілер тарапынан жақында археологиялық барлау жұмыстары барысында табылды.