Түрксіб ауданында екі саябақ пен 9 сквер қайта жөнделді, «Сейфуллин» скверін жөндеу жоспарлануда
Қалалық жоспарлау үрдістері, қалалық скверлер мен саябақтарға көңіл бөлу, сондай-ақ спорттық және балалар алаңдарын орнату туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Түрксіб ауданының әкімі Бахытжан Ақжаров айтты. Ол «Бюджетке қатысу» жобасы аясында биыл 38 жоба іске асырылатынын хабарлады. Олардың ішінде спорттық, балалар ойын алаңдарын орнату, аумақтарды көгалдандыру, қоғамдық пайдалану орындарын жөндеу және жарықтандыру, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін тереңдетілген контейнерлік алаңдарды орнату бар. Бұл өзгерістер Түрксіб ауданының барлық аумағында қамтылады.