Almaty Marathon 2024: ең ірі спорттық іс-шара әлемнің 50 елінен 15 мыңнан астам қатысушының басын қосады
Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ұйымдастырылған баспасөз конференциясында жылдың ең көп күттіретін оқиғаларының бірі – Almaty Marathon 2024-ке дайындық туралы ақпарат айтылды. Бұл Орталық Азиядағы ең ірі жүгіру жарысы, оған қатысушылар жыл сайын көбейе түсуде және қала тұрғындары мен қонақтары үшін нағыз мерекеге айналған.