Алматыда инклюзивті білім беруді іске асыратын мектептер саны өсуде
Алматының 182 мектебінде инклюзивті білім беру жүзеге асырылуда. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қамту жыл сайын артып келеді, деп хабарлады ӨКҚ брифингінде Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева.