2022 жылдың басынан бері Алматыда 54 балабақша ашылды
Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаеваның айтуынша, бүгінде мектепке дейінгі тәрбиемен 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 71,8%, ал 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 92% қамтылған. Ол Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында жаңа 2022-2023 оқу жылына дайындық пен балабақшалардың жұмысы туралы айтып берді.