2025 жылғы 9 наурызда сағат 18:00-де Н.Тілендиев атындағы Камералық залда барокко дәуірінің үш ұлы композиторы – Иоганн Себастьян Бах, Георг Фридрих Гендель және Доменико Скарлаттидің 340 жылдығына арналған ерекше классикалық музыка кеші «Три титана барокко» өтеді.
Сахнада – «Pro Cultura Hungarica» премиясының және АҚШ, Италия, Франция, Ұлыбританиядағы халықаралық байқаулардың лауреаты Жанар Сулейманова.
Концерт бағдарламасы:
I бөлім:
- Г.Ф. Гендель – Ре минор сюитасы, HVW 437
 - И.С. Бах – Си-бемоль мажор партитасы, №1, BWV 825
 - И.С. Бах – Хроматикалық фантазия және фуга ре минор, BWV 903
 
II бөлім:
- Д. Скарлатти – Сонаталар:
- Соль минор, L.249, K.108
 - До минор, L.407, K.115
 - Соль мажор, L.487, K.125
 - До минор, L.452, K.116
 - Фа мажор, L.30, K.82
 
 - И.С. Бах – Фа мажор итальяндық концерті, BWV 971
 
Бұл концерт талғампаз барокко музыкасын бағалаушылар үшін нағыз сый болмақ. Үш ұлы композитордың жауһарларын виртуозды орындауда тыңдауға мүмкіндік беретін бұл ерекше кешті өткізіп алмаңыз!