2024 жылдың 15 наурыз күні сағат 18.00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының Н.Тілендиев атындағы Камералық залында Ғ.Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің Наурызнама мерекелік іс-шарасы аясында «Белес» атты концерт өтеді.
Концерттің басты ерекшелігі — өнер сүйер қауымға әлемдік классикалық және отандық музыкадан туындыларды ұсынатын тыңдарманды тамсандыратын бағдарлама. Кеште Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мыңтаев жетекшілігімен Ішекті аспаптар квартеті өнер көрсетеді.
Концерт бағдарламасы:
Людвиг ван Бетховен — №9 квартет оп.59
Бетховеннің бұл шығармасы — классикалық музыка әлемінің ең үлкен жетістіктерінің бірі. Оның шығармашылығында романтикалық кезеңнің алғашқы қадамдарын айқын көруге болады. №9 квартет — Бетховеннің ішекті квартетке арнаған шығармаларының ішіндегі ең танымалы, әрі ең көркем туындыларының бірі болып табылады.
Дмитрий Шостакович — №13 квартет соч.138
Шостаковичтің бұл шығармасы — ХХ ғасырдағы ең маңызды және эмоционалды жағынан терең, әлеуметтік мазмұнға бай шығармалардың бірі. Оның квартеттері оның музыкалық әлемінің өзекті бейнесі болып табылады. №13 квартет оның ой-толғамдарын, күрделі тарихын және қоғамдық мәселелерге деген көзқарасын көрсетеді.
Бейбіт Дәлденбай — «Белес» ішекті квартеті
Қазақ музыкасына жаңа қосылған леп, Бейбіт Дәлденбайдың «Белес»атты шығармасы — ерекше қазақы әуенмен байытылған композиция. Бұл шығарма қазақтың ұлттық музыкасын классикалық дәстүрмен үндестіреді, оның ерекше әуезі мен құрылымы тыңдарманды ұлттық өнерге жаңа көзқараспен қарауға шақырады. «Белес» шығармасы Наурыз мейрамына арналған кеште ерекше орын алады. Құрметті тыңдармандар, осы кеште классикалық музыка мен қазақтың бай мұрасын тыңдауға ерекше мүмкіндік алатын боласыздар.