2025 жылдың 13 наурыз күні сағат 19:00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының Н.Тілендиев атындағы Камералық залында «Возвышенное и земное: Р. Шуман – И. Брамс» атты концерт өтеді.

Орындаушылар:

Халықаралық байқаулардың лауреаттары, талантты музыканттар Майа Сепп

(фортепиано), Диана Махмуд (альт) көрермендерге өзінің шеберлігін паш ететін болады.

Концерт бағдарламасы – классикалық музыка әлемінің шыңы: Р.Шуман мен И.Брамстың шығармаларынан тұрады.

Р. Шуман – Альт және фортепианоға арналған «Адажио және Аллегро» ор.70

И. Брамс - Альт және фортепианоға арналған фа минор сонатасы ор.120 №1 

Альт және фортепианоға арналған соната ми-бемоль мажор ор. 120 №2

Концертте көрермендерге музыканың мәні мен шынайы классикалық өнердің құдіретін сезінуге мүмкіндік беріледі. Концертке келген әрбір тыңдарман, өзінің жан дүниесін байыта отырып, ғажайып әлемге саяхат жасайды.

Әлемнің үздік шығармаларының әуендерін филармония солистерінің орындауында бірге тамашалайық!