2025 жылдың 24 сәуір күні сағат 19:00-де филармонияның Н.Тілендиев атындағы Камералық залында дәстүрлі солистердің «Ұлттық өнер, асыл қазына» атты концерті өтеді.

Орындаушылар:

Мәдениет қайраткері  Ержан Әлімбетов

Мәдениет саласының үздігі Мақпал Қазыбекқызы, Гаухар Асылханқызы

Халықаралық байқаулардың лауреаттары Біржан Бәзілжан, Жанқожа Аяпов.

Бағдарламада:

  • Құрманғазы – «Айда, бұлбұл, Айжан-ай»
  • Майраның әні – «Майра»
  • Халық әні - «Маусымжан»
  • Халық әні – «Екі жирен»
  • Ықылас – «Кертолғау»
  • Боғда - «Жем суының тасқыны»
  • Ақан сері – «Ақтоқтының-аужары»
  • Ә.Есбаев – «Маржан қыз»
  • Біржан сал - «Айбозым»
  • Н.Тілендиев – «Аққу»
  • Сүгір - «Қосбасар»
  • Халық әні – «Илигай»
  • Естай  - «Қорлан»
  • И.Байзақов – «Желдірме»
  • Халық күйі - «Жорға аю»
  • Б.Дүйсенғазиев – «Ақберен»
  • Халық әні - «Әгугай»
  • М.Ержанов – «Сайра бұлбұл»
  • Т.Рахимов – «Қазағым-ай»

«Әнді сүйсең, менше сүй» - деп Абай ақын жырлаған әуелеген әннің құдіретінің шексіз екенін тағы бір дәлелдейтін сәт туды. Рухани әлемге сапар шегіп, бір сәт қазақтың жазық даласын сипаттайтын дәстүрлі ән өнерінің тағы бір тамашасын филармонияның дәстүрлі солистері паш ететін болады.

Талғампаз тыңдарман үшін кеш бағдарламасында ұлттық өнердің асыл қазыналары, қазақтың халық әндері - «Маусымжан», «Әгугай»,«Екі жирен» сынды шығармалар орындалады.

Қасиетті қара домбыраның құдіретіне түрлі әуенді сыйдырған өнерпаздарымыздың жыл сайын шығармаларын жаңартып, филармониямыздың дамуына үлес қосып келе жатқаны белгілі. Ежелгі қазақ мәдениетінің әлеміне еніп, ұлттық аспаптардың әсерлі үні мен дарынды музыканттардың виртуозды орындауынан ләззат алудың бірегей мүмкіндігі туып отыр. Құрметті әріптестер, дәл осы халық әндерінен құралған ұмытылмас кештің қонағы болып, әрі ақпараттық қолдау берулеріңізді сұраймыз!